Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Көлік апатынан 13 адам қаза тапты
Суданда шағын автобус жүк көлігімен соқтығысып, 13 адам қаза тапты.
16:34 01.08.2020
Ірі жол апатына себеп көлік жүргізушісінің абайсыз жүруі болған. Полиция жүк көлігінің жүргізушісіне кінә тағып отыр. Бұл туралы Синьхуа хабарлады.
«Суданның орталық бөлігіндегі Гезира провинциясындағы жол-көлік оқиғасы салдарынан кем дегенде 13 адам қаза тауып, тағы 51 адам жарақат алды», - делінген хабарламада.
Полицияның мәліметінше, апатқа жүк көлігі жүргізушісі кінәлі болып отыр. Судан ЖКО салдарынан өлім-жітімі ең жоғары елдердің қатарына кіреді, олардың негізгі себептері абайсыз жүргізу, жолдардың нашар жағдайы мен көлік құралдарын кәдеге жаратудың нашар дамыған жүйесі болып табылады.
Дереккөз: Baq.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram