{metadescription}
Қазақстанда 8 мыңнан астам дәрігер коронавирус жұқтырған

Қазақстанда 8 мыңнан астам дәрігер коронавирус жұқтырған

Бұл туралы ҚР президенті жанындағы ОКҚ-да онлайн өткен брифингте ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният айтты. 

Пандемия басталғалы бері Қазақстанның 8 518 медициналық қызметкері коронавируспен ауырды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният мәлім етті.

«Біздің елімізде коронавирус инфекциясы 8 518 медициналық қызметкерден тіркелді. Ал пневмониямен ауырған медициналық қызметкерлерлер туралы бізде дерек жоқ әзірге. Бірақ коронавирус немесе пневмония індетімен күрес кезінде ауырған медициналық қызметкерлер өтемақы төлемдерін талап етсе, біз оларды қолдаймыз, медициналық құжаттар көтеріліп, жергілікті атқарушы органдар деңгейіндегі комиссияға жіберіледі», - деді вице-министр ОКҚ-дегі брифинг кезінде.

Өз кезегінде денсаулық сақтау министрі Алексей Цой 123 адамның құжаты қаралып, оны комиссия мақұлдап төлемге жібергенін айтты. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.