{metadescription}
Алматы тұрғыны үйіне келген полицейді оқ атып қарсы алды

Алматы тұрғыны үйіне келген полицейді оқ атып қарсы алды

Тәртіп сақшылары тұтқындалған күдіктінің қылмыс жасаған кезде есірткіге әбден масайып алғанын анықтады.

Алматы қаласының 37 жастағы тұрғыны көмекке келген учаскелік полицейге оқ атты. Бірақ тәртіп сақшысы тығылып үлгерді.

"Кезекші бөлімге бір әйел хабарласып, отбасылық жанжалдан кейін күйеуінің өз-өзіне қол салғысы келетінін айтқан. Содан ол үйге жергілікті учаскелік инспектор Фархат Режапов бірінші болып барды", – дейді алматылық полицейлер.

Аға лейтенант үйдің ауласына кіргенде оқтың атылғанын естіді. Сөйтсе, кезекші бөлімге хабарласқан әйелдің күйеуі терезеден мылтығын шығарып, оқ атып жатыр екен. Тәртіп сақшысы дереу жалтарып үлгерді. Ал оқиға орнына келген арнайы жасақтың сарбаздары тәртіп бұзушыны бірден құрықтады.

"Ол 1983 жылы туған қала тұрғыны болып шықты. Оның өз атына тіркелген аңшы мылтығымен оқ атқаны анықталды. Қылмыс жасаған кезде ол есірткіге әбден масайып алған екен", – деді сақшылар.

Қазіргі кезде ер адам аудандық полиция басқармасында жауап беріп жатыр.

Дереккөз: sputniknews.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.