{metadescription}
Ұшақ апаты: 18 адамның денесі және «қара жәшік» табылды

Ұшақ апаты: 18 адамның денесі және «қара жәшік» табылды

Тергеушілер Үндістанның жұма күні апатқа ұшыраған Air India Express ұшағының «қара жәшігін» тапты.

Құтқару операциясы аяқталды. Айта кетейік, 190 жолушысы бар ұшақ жұма күні Кожикоде қаласындағы «Каликут» әуежайына қонар кезде апатқа ұшырады. Соңғы мәліметтер бойынша, апат салдарынан екі ұшқышты қоса алғанда барлығы 18 адам мерт болған. Ондаған адам зардап шегіп, 156 адам ауыр жарақат алды. Бұл Үндістанда соңғы онжылдықта болған ең ірі әуе апаты.

Дубайдан қайтып келе жатқан «Боинг 737», ұшағы жаңбырдың салдарынан жолақта тайғанап, екіге бөлініп қалған. Ұшақта коронавирус салдарынан өзге елде қалып қойған Үндістан болған. IX 1134 рейсінде 184 жолаушы болған. Олардың арасында 10 нәресте мен 6 экипаж мүшесі бар. Қайңылы жағдайға байланысты бүгін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан халқына көңіл айтты.

 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде