Зергерлер алтын мен гауһар тастан медициналық маска жасап жатыр
Израильдік зергерлер әлемдегі ең қымбат медициналық маска жасауда.
10:14 11.08.2020
Ол ақ алтын және бағасы 1,5 миллион долларды құрайтын әшекейленген қара және ақ гауһар тастармен қапталады.
«18 карат ақ алтыннан тұратын маска 3600 ақ және қара гауһар таспен өрнектеледі және тапсырыс берушінің қалауы бойынша N99 жоғары сапалы фильтрмен жабдықталады», – деп мәлімдеді дизайнер әрі зергерлік фирманың иесі Исаак Леви.
Бұл бағалы маскаға тапсырысты АҚШ-та тұратын қытайлық бизнеспен берген. Ол зергерлерге екі шарт қойған: тапсырыс жылдың соңына дейін дайын болуы және әлемдегі ең қымбат маска саналуы тиіс. Зергерлердің айтуынша, аталған бағалы бұйымның салмағы шамамен 270 граммды құрайтын болады – бұл қарапайым медициналық маскалардан 100 есе ауыр.
Еске сала кетейік, бұған дейін Гонконг университетінің ғалымдары атжалмандарға тест жасау арқылы коронавируспен күресте медициналық маскалардың жоғары тиімділігін дәлелдеп берген еді.
Дереккөз: Baq.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!