Алдағы үш күнгі ауа райы болжамы
«Қазгидромет» РМК 13-15 тамыз күндергі ауа райы болжамын ұсынды.
13:36 12.08.2020
«Алдағы үш күнде оңтүстік циклон Қазақстанның солтүстік-шығыс өңірлеріне ығысып, құбылмалы ауа райы сақталады. Республиканың басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Батыста, солтүстік-батыста, солтүстік-шығыста және шығыста кей жерлерде қатты жаңбыр күтіледі.
Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерде дауыл тұрып, жел күшейеді, бұршақ түсуі мүмкін. Солтүстік-батыста және солтүстікте тұман болады. Еліміздің тек оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы болжанады», - деді «Қазгидрометтен».
Дереккөз: Қазгидромет
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!