{metadescription}
Демалыс күндері жұмысы рұқсат етілген нысандар қандай

Демалыс күндері жұмысы рұқсат етілген нысандар қандай

ҚР ДСМ Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің жұқпалы ауруларды эпидемиологиялық қадағалау басқарма басшысы Роза Қожапова демалыс күндері жұмысы шектелген және рұқсат етілген нысандар туралы айтты.

«Демалыс және мереке күндеріндегі шектеу шараларына тоқталсақ, сауда үйлері, сауда ойын-сауық орталықтарының жұмысын тоқтата тұру бұрынғысынша сақталады. Одан басқа, жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарларының жұмысын тоқтата тұру бойынша шектеу шаралары да сақталады», - деді Р. Қожапова Орталық коммуникациялар қызметінде.

Бұдан бөлек ол демалыс және мереке күндері жұмысы рұқсат етілген нысандарға тоқталды. Осы орайда сұлулық салондарына, шаштараздарға, косметология қызметін көрсететін нысандарға, фитнес және спорттық сауықтыру орындарына, бассейндерге, тренажер залдарына, спорт кешендеріне, сауналарға қатысты шектеулер алынды. Сонымен қатар, діни нысандарға жұмыс істеуге рұқсат етілді.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

24 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.