ШҚО-да кезекші сыныпта оқитын 4 оқушы коронавирус жұқтырды
Шығыс Қазақстан облысында кезекші сыныпқа барып жүрген төрт оқушыда коронавирус анықталды.
14:42 24.09.2020
Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаментінен хабарлады.
"1 қыркүйектен бастап облыс аумағында төрт жағдай тіркелді. Бұл Шемонаиха ауданының 4-сынып оқушылары, Көкпекті ауданының 11-сынып оқушысы және Алтай ауданының 2-сынып оқушысы", - дейді департаменттің баспасөз қызметі.
Қазір облыста екі сынып пен бір мектеп 14 күндік карантинге жабылды. COVID-19 вирусы анықталған барлық мектептерде эпидемияға қарсы және дезинфекциялау шаралары жүргізілді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!