12 жыл лотерея ойнап байыған ер адам сырымен бөлісті
Миссури штатындағы Джефферсон-Сити қаласының тұрғыны 12 жыл лотерея ойнағаннан кейін джекпотты ұтып, сәттілігінің құпиясымен бөлісті.
17:45 24.09.2020
Дэн Домф 2008 жылдан бастап лотерея ойнау келе жатқанын айтады. Оның айтуынша, ойын барысында ол 2-21-27-33-39 сандарының бірдей комбинациясын қолданады. 8 қыркүйекте ол тағы бір рет ұтыс ойынына қатысып, 50 мың доллар (24 миллион теңгеден астам) ұтып алған. Екі жыл бұрын Дамф лотереяда жеңімпаз атанып, 19 мың долларға (6 миллион теңгеден астам) байыған. Қаржылай сыйақы Дамфқа есепшоттарын төлеуге және оны қызықтыратын ағаш өңдеу жабдықтарын сатып алуға мүмкіндік береді.
"Менің жаңа хоббиім пайда болды. Енді мен зейнетке шығатын уақыт келгенде немен айналысатынымды білемін", - дейді Домф.
Дереккөз: Stan.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары