Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Маңғыстаудағы базарлардың бірінде ірі өрт шықты
22-ші шағын ауданда орналасқан "Масат" базарында ірі өрт шықты.
13:47 27.09.2020
Өртті сөндіруге жүзден астам адам тартылды. Маңғыстау облысы ТЖД хабарлағандай, базардағы өрт туралы дабыл 27 қыркүйек күні сағат 6.55-те түскен. Екі сауда қатары толық өртеніп, 17 сауда бутиктері мен 14 контейнер және жалпы ауданы 750 шаршы метр болатын шатыр астындағы 60 сөре күлге айналды.
"Өрт сағат 9.16-да ауыздықталды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге ТЖД - нің 68 қызметкері және 13 техника, мемлекеттік емес өрт сөндіру қызметтерінің 10 қызметкері және 2 техника, медицина және апаттар орталығынан 3 қызметкер және 1 техника, 54 полиция қызметкері және 25 техника жұмылдырылды", - деді Маңғыстау облысы ТЖД басшысының орынбасары, подполковник Бекболат Әбдіқадыров.
Өрт 10.27-де сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram