Алматы облысында карантин күшейтілді
Алматы облысының бас санитар дәрігері Ерғали Сыдыманов аймақта жаңа шектеу шараларын енгізу жөнінде қаулыға қол қойды.
15:35 17.10.2020
Қаулыға сәйкес шектек шаралары 19 қазан сағат 7.00-ден бастап күшіне енеді.
Жұмысы тоқтатылатын нысандар:
Сыйымдылығы 50 адамнан асатын қоғамдық тамақтану объектілері (асханалар, дәмханалар, кофе, мейрамханалар және басқа да мекемелер);
15 адамға дейінгі кезекші топтарды қоспағанда, барлық мектепке дейінгі ұйымдар;
Барлық ойын-сауық объектілері (түнгі клубтар, көрмелер, бильярд және компьютерлік клубтар, балалар ойын алаңдары, жабық үй-жайлардағы батуттар және басқалар).
Сондай-ақ, өңірде ойын-сауық спорттық іс-шараларын, көрмелерді, форумдарды, конференцияларды, семинарларды, сондай-ақ отбасылық, естелік және салтанатты іс-шараларды өткізуге тыйым салынады. Бұдан басқа, бір отбасы мүшелерін қоспағанда, 3-тен аса адамның бірге жүруіне тыйым салынады, сондай-ақ 65 жастан асқан адамдардың көшеге шығуына шектеу енгізіледі.
Қоғамдық көліктер қарбалас уақытта 6.00-ден 10.00-ге дейін және 17.00-ден 20.00-ге дейін бес минуттан аспайтын интервалмен жолаушыларды тасымалдауы керек. Қаулының толық мәтіні мына сілтемеде.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!