Күшті жел, қар аралас жаңбыр - жексенбіге арналған ауа райы
18 қазанда Қазақстанның солтүстік бөлігінде циклон және сонымен ілесе келген атмосфералық ағындардың салдарынан ауа райы құбылмалы болады.
09:01 18.10.2020
Кей жерлерде қар аралас жаңбыр жауады, жел күшейеді. Еліміздің қалған өңірлерінде орталығы Қарағанды облысында орналасқан антициклон әсерінен ашық, жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі. Республиканың кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін. Солтүстік Қазақстан облысында жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшеюі мүмкін.
Ақмола, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің күшейіп, жылдамдығы 15-23 м/с жетеді. Ақмола, Павлодар облыстарында, түнде және таңертең Қостанай облысының кей жерінде тұман түсуі ықтимал. Атырау облысында кей жерлерде тұман түседі. Алматы облысында түнде кей жерлерде 1 градус үсік жүреді.
Дереккөз: Қазгидромет
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!