Қызылорда облысында 700-ге жуық қой өртеніп кетті
Қызылорда облысының Жаңақорған ауылында жайылып жүрген 700-ге жуық ұсақ мал өрттен қырылып қалды.
15:11 22.10.2020
Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.
«2020 жылы 21 қазанда сағат 18.50-де Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Аққорған ауылдық округінің Түгіскен ауылында шамамен 30 гектар болатын шабылған күріш алқабында құрғақ сабан өртенген. Өрт сол күні сағат 21.48-де толық сөндірілді. Өртті сөндіруге ТЖД мен еріктілерден құралған 19 адам мен 5 техника жұмылдырылды», - деп мәлімдеді ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.
Алдын ала болжам бойынша өрт салдарынан жеке шаруа қожалығына тиесілі жайылып жүрген 700-ге жуық қой өртеніп кеткен. Одан бөлек, күйіп қалған ұсақ мал бар. Олардың нақты саны анықталуда. Оқиға орнында арнайы құрылған комиссия жұмыс істеп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары