Мәжіліс пен мәслихат сайлауы онлайн өте ме?
Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау онлайн режимде өтпейді.
17:25 22.10.2020
Бұл туралы бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев мәлім етті.
«Сайлау процесі «Сайлау туралы« заңмен реттеледі және заңнамамызда онлайн-дауыс беру мәселесі қарастырылмаған. Бұл сайлауды да әдеттегі жүйемен, қағаз бюллетеньмен өткіземіз. Яғни, сайлаушыларымыз үшін бұл тұрғыда ешқандай жаңашылдық жоқ», - деді Берік Имашев Орталық сайлау комссиясында өткен баспасөз мәслихаты барысында.
Айта кетейік, кеше ҚР Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Сәбила Мұстафина 2021 жылдың қаңтарында Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауын өткізуге шығыстардың болжамды сметасы 15,3 млрд теңгені құрайтынын мәлім еткен болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!