Гүлмира Исаева ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Исаева Гүлмира Сұлтанбайқызы берген өтінішіне сәйкес ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды.
19:32 22.10.2020
Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Гүлмира Исаева 1969 жылы Алматы облысында дүниеге келген.
1991 жылы Семей ет және сүт өнеркәсібі технологиялық институтын, 2010 жылы – Қазақ ұлттық аграрлық университетін тәмамдаған. Мамандығы – инженер-технолог.
Еңбек жолын 1991 жылы бастаған.
1991-2010 жылдары аға оқытушы, аспирант, бас маман, кіші, аға ғылыми қызметкер, бас технолог, зоотехник-селекционер болып қызмет етті.
2010-2012 жылдары ұлттық компанияларда жұмыс істеген.
2012-2017 жылдары ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметін атқарды.
2017 жылдың қазан айынан 2018 жыл аралығында ҚР Премьер-министрінің кеңесішісі болды.
2018 жылы қаңтар айында ҚР АШМ вице-министрі қызметіне тағайындалды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!