Шымкентте 13 вагон рельстен шығып кетті
Шымкентте теміржол стансасында 13 жүк вагоны рельстен шығып кетті, деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігі.
11:58 24.10.2020
Оқиға 24 қазанға қараған түні болған. Ведомствоның ресми өкілі Талғат Уәлидің айтуынша, вагондар бос болған. Құрамаға барлығы 21 вагон тіркелген, оның 13-і рельстен шығып кетіп, аударылған.
"Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның себебі анықталып жатыр", - деді Уәли.
Оның мәліметінше, оқиға басқа пойыздардың қозғалысына әсер еткен. Алдын ала мәлімет бойынша, 5 жолаушы және 10 жүк пойызы жолда тұрып қалған. Қазіргі уақытта жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде, ҚТЖ-ның 200 жұмысшысы, Шымкент, Арыс және Тараз стансаларынан 3 қалпына келтіру пойызы жұмылдырылды.
Оқиға орнында Шымкент қаласы ТЖД 6 қызметкері және 3 бірлік техника, Шымкент станциясы Ішкі істер желілік полиция бөлімінің 10 қызметкері және 1 бірлік техникасы жұмыс істеуде. Жолды босату бағытында жұмыстар жүргізіліп жатыр. 24 қазан сағат 13.00-ге дейін пойыздардың қозғалысы үшін 1 жолды қалпына келтіру жоспарлануда.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!