{metadescription}
Ғалымдар коронавирус қалай таралатынын видео арқылы көрсетті

Ғалымдар коронавирус қалай таралатынын видео арқылы көрсетті

Мамандар Fugaku суперкомпьютері арқылы адам маска тақпаған кезде вирус бөліктері қалай қозғалатынын модельдеді.

Бетперде – коронавирустан қорғанудың ең тиімді жолы. Мұны жапониялық ғалымдар тағы бір мәрте дәлелдеді. Олар адам маскасыз сөйлескен кезде, ән айтқанда, жөтелгенде вирус қалай таралатынын көрсетті. Коронавирустың таралуын көзбен көру мүмкін емес. Сондықтан инфекциядан маска арқылы қорғану тәсіліне адамдар жеңіл-желпі қарайды.

COVID-19-дың таралуын анық көрсету үшін жапониялық ғалымдар жаңа технологиялар көмегіне жүгінді. Бұл үшін зерттеушілер Fugaku суперкомпьютерінің мүмкіндігін қолданды. Ол арқылы адам маскасыз сөйлеген кезде таралатын вирус бөліктерінің қозғалысын модельдеді.

"Егер вирус қалай таралатынын нақты көрсетсек, адамдар қауіп жоғары екенін түсінеді деп ойлаймын. Сондай-ақ, бұл процесті ғылым тұрғысынан көрсеткіміз келді", - деді Kobe University & RIKEN профессоры Макото Цубокуро.

Зерттеу қорытындысы ауаның жоғары ылғалдылығы салдарынан ұсақ аэрозольдік бөлшектер ұлғаяды. Сондықтан вирустан қорғану үшін маска ең тиімді тәсіл болып отыр. Сондай-ақ, зерттеушілер әлеуметтік қашықтықты сақтау өте маңызды екенін атап өтті. Өйткені вирустың ірі бөлшектері жерге түседі де, ауа арқылы ұзақ қашықтыққа тарала алмайды.

Дереккөз: sputniknews.kz

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

27 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде