Елордада дәмханадағы жарылыстан 1 адам қаза тапты
Нұр-Сұлтандағы дәмханалардың бірінде газ баллоны жарылды.
14:07 21.11.2020
Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлім етті.
«2020 жылдың 21 қарашасында, сағат 12:25-те Нұр-Сұлтан қалалық ТЖД кезекші-диспетчерлік қызметінің пультіне дәмхана ретінде жабдықталған коттеджде газ баллонының жарылғаны туралы ақпарат келіп түсті», - деді Талғат Уәли.
Оның атап өтуінше, өрт сөндіру қызметі оқиға орнына жеткен кезде үйдің ішінде бір қыз бен 15 газ баллоны бар екені анықталған. Жарылыс салдарынан ас бөлмесінің төбесі опырылып түскен. Алдын ала деректерге сәйкес, қыз үйінді астында қалып қойып, оқиға орнында қаза тапқан. Оқиға орнында Нұр-Сұлтанның ТЖД өкілдері, Апаттар медицинасы орталығының 21 құтқарушысы мен 5 техника жұмылдырылған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары