Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Елордадағы жарылыстан 33 адам зардап шекті
Елордада дәмханадағы жарылыс салдарынан 33 адам зардап шекті.
15:35 21.11.2020
Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық денсаулық сақтау басқармасынан мәлім етті.
«Шұбар ауданында газ баллонының жарылуы салдарынан 33 адам зардап шекті. Түрлі дене жарақатын алған олардың барлығы жедел жәрдем қызметімен қала ауруханаларына жеткізілді. Бейінді мамандар, медицина қызметкерлері зардап шегушілерге толықтай медициналық көмек көрсетуде», - деп атап өтеді басқармадан.
Басқарма мәліметінше, оқиға орнында 3 жедел медициналық жәрдем бригадасы жұмыс істеп жатыр. Барлығы 22 бригада жұмылдырылған.
Бұған дейін елордада дәмханалардың бірінде газ баллоны жарылып, 1 адамның қаза тапқанын хабарлаған едік.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram