Экс-мәдениет министрі Ұлттық киноны қолдау орталығының басшысы болды
Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығын бұған дейін Гүлнәр Сәрсенова басқарған болатын.
10:36 24.11.2020
Ол мамыр айында аса ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінді. Есетжан Қосубаев Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының басшысы болып тағайындалды.
"Мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен "Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы болып Есетжан Қосубаев тағайындалды", - делінген хабарламада.
Бұған дейін бұл қызметті Гүлнәр Сәрсенова атқарды. Осы жылдың мамыр айында ол мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлуге көмектесіп, орындалған жұмыстардың актілеріне қол қойғаны үшін аса ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінді. Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы кеңселерде тексеріс жүргізілді, нәтижесінде тергеу органдары жұмыс құжаттамасының бір бөлігін тәркілеп алды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!