{metadescription}
Көкшетауда жатақхана өртеніп, 40 адам эвакуацияланды

Көкшетауда жатақхана өртеніп, 40 адам эвакуацияланды

Көкшетауда бес қабатты жатақханадан өрт шығып, 40 адам эвакуацияланды, оның 25-і бала.

«23 қарашада кешке қарай Көкшетаудағы жатақхананың бірі өртенді. Өрт сөндірушілердің ширақ қимылының арқасында ешкім зардап шеккен жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамынан 27 қызметкері және 8 арнайы техника жұмылдырылды. Арада 20 минут өткен соң өрт толығымен сөндірілді», - деді Көкшетау қаласы ТЖ басқармасының бастығы Әсет Жақсылықов.

Анықталғандай, жатақхана бөлмесіндегі заттар мен жиһаз өртенген, деп жазады ҚазАқпарат.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.