Демалыс күндері боран соғып, қалың қар жауады
Қазақстанда қарашаның соңында синоптикалық процестердің өзгеруі күтіледі.
14:40 27.11.2020
Синоптиктердің мәліметінше, қараша айының соңында Қазақстан аумағының басым бөлігі оңтүстік циклонның ықпалында болады. Ол өзімен бірге қар әкеледі, жекелеген өңірлерде қалың қар, сондай-ақ көктайғақ, бұрқасын және желдің күшеюі болжанып отыр.
"Алайда кезеңнің ортасынан бастап ауа райын кең антициклон анықтай бастайды, онымен жауын-шашынның тоқтатылуы және ауа температурасының төмендеуі күтіледі", - деп хабарлады Қазгидрометте.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!