{metadescription}
Алматы облысында жер сілкінді

Алматы облысында жер сілкінді

"ҚР БҒМ ҒК СЭМЭ" ММ сейсмикалық станциялар желісі 27 қарашада сағат 14.18-де елеулі жер сілкінісін тіркеді.

Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлайды. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан шығысқа қарай 109 шақырым жердегі Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 8.6. Магнитудасы - 3.5 MPV. Дүмпулер қанша балл болып сезілгені туралы (МЅК-64 шкаласы бойынша) мәлімет жоқ.

"Алматы облысы ТЖ Департаменті ақпаратты алған бетте жергілікті атқарушы органдарға, Полиция департаментіне, Қазселденқорғау департаментіне, прокуратураға және басқа да ұйымдарға хабарлады, аумақтардағы жағдай нақтыланып жатыр, зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ", - деп хабарлады ТЖД өкілдері.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

22 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.