Мысырдан ұшып келген қазақстандықтан коронавирус анықталды
Кейінгі тәулікте Мысырдан ұшып келген қазақстандықтан коронавирус анықталды.
14:40 01.12.2020
2020 жылғы 30 қарашада Қазақстан Республикасының аумағына Мысыр, БАӘ, Түркия, Ресей Федерациясы және Беларусь Республикасынан 9 халықаралық әуе рейсі келді. 1 169 әуе жолаушысының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 960 адам, анықтамасыз 209 адам - ҚР азаматтары келді.
Оның ішінде:
- Алматы қаласының әуежайына - 4 рейс, 762 жолаушы, анықтамамен - 616, анықтамасыз - 146.
- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына - 4 рейс, 285 жолаушы, анықтамамен - 234, анықтамасыз - 51;
- Ақтау қаласының әуежайына - 1 рейс, 122 жолаушы, анықтамамен - 110, анықтамасыз - 12.
Анықтамасыз келген қазақстандықтар карантин стационарларына орналастырылды және ПТР-талдау әдісімен COVID-19-ға тест тапсырды дейді комитеттегілер.
Сонымен қатар Минскіден ұшып келген Молдова мен Қырғызстан азаматтары, COVID-19 тестінен өту туралы мерзімі өткен анықтамаларды ұсынуларына байланысты Нұр-Сұлтан қаласының әуежайынан депортацияланды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары