{metadescription}
Жаяу жүргіншілерге шабуыл жасалып, кемінде 15 адам зардап шекті

Жаяу жүргіншілерге шабуыл жасалып, кемінде 15 адам зардап шекті

Германияның батысындағы Трир қаласында жеңіл көлік жүргізушісі жаяу адамдарды басып өтіп, кемінде екі адам мерт болды.

Полиция күдіктіні қамап, көлігін конфискациялады. Қала басшысы Вольфрам Ляйбе кемінде 15 адам жарақат алғанын, бірақ бұл соңғы мәлімет емес екенін айтты. Оқиға 1 желтоқсанда түстен кейін Хауптмаркт алаңына жақын жердегі жаяу адамдар жүретін аймақта болған. Полиция қолға түсіру кезінде қарсылық көрсеткен Германияның 51 жастағы азаматын қамады.

Қарашаның басында Германияның Конституцияны қорғау бойынша федералдық мекеме басшысы Томас Хальденванг елде террорлық қауіптің деңгейі "жоғары" екенін мәлімдеп, құқық қорғау органдарын қырағы болуға шақырған. Қазан және қараша айларында Еуропада бірнеше теракт болған. Парижде 18 жастағы ұлты шешен оқушысы тарих мұғалімі Самюэль Патиді бауыздап кеткен. Бұған сөз еркіндігіне арналған сабақта мұғалімнің Мұхаммед пайғамбар карикатурасын көрсеткені себеп болған.

Бірнеше күннен кейін Ницца қаласында пышақпен қаруланған адам шіркеуге барып, ондағы адамдарға шабуыл жасаған. Үш адам қаза тауып, алтауы жарақат алған. 2 қарашада Солтүстік Македониядан барған 20 жастағы жігіт Вена қаласының орталығында адамдарға оқ атқан. Төрт адам мерт болып, 23-і жарақат алған.

Дереккөз: centralasian.org 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.