{metadescription}
Елордадa жігіт тұрғын үй подъезінен картиналарды ұрлаған

Елордадa жігіт тұрғын үй подъезінен картиналарды ұрлаған

Полицияға «Манхэттон» тұрғын үй кешенінің тұрғындарынан арыз түсті.

Олардың айтуынша, белгісіз біреу бірінші қабатта қабырғада ілініп тұрған екі суретті ұрлап кеткен. Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті «Есіл» аудандық поиция басқармасы қылмыстық істі тексеру бөлімінің қызметкерлері жүргізген іс-шара барысында 24 жастағы Астана тұрғыны ұсталды.

Жас жігіт кінәсін мойындап түсінік берді және картиналарды қайтарған. Оның айтуынша, ол сол сәтте мас болған және әдемі дүниеге қызығып кеткен. Сондай-ақ азамат істеген ісіне өкінетінін мәлім етті. Осы факт бойынша ҚР ҚК 188-бабы 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Дереккөз: ҚазАқпарат

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде