{metadescription}
Қазақстандықтарға келесі жылдан бастап жаппай вакцина егіледі

Қазақстандықтарға келесі жылдан бастап жаппай вакцина егіледі

29 қарашада клиникалық сынақтардың екі кезеңі аяқталады.

Сондай-ақ, вакцинаның кері әсері анықталмаған. Қазақстанда 2021 жылдан бастап тұрғындарға ерікті түрде жаппай вакцина егу жоспарланып отыр. Алғашқы кезеңде дәрігерлер, педагогтар, күштік құрылымдар қызметкерлері қамтылады. Премьер-министр Асқар Мамин президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа коронавирус індетіне қарсы отандық вакцинаның әзірлену барысы туралы баяндады.

Айтуынша, 29 қарашада клиникалық сынақтардың 1 және 2 кезеңі аяқталады. Сондай-ақ, вакцинаның кері әсері анықталған жоқ және оның жоғары тиімділігі тіркелгенін мәлімдеді. 25 желтоқсаннан бастап клиникалық сынақтардың 3-ші кезеңінде аталған вакцина 3 мың еріктіге егіледі. Сынақтар толығымен 2021 жылы наурыздың соңына қарай аяқталады.  Сонымен қатар осы жылдың соңына дейін 2 миллион көлемдегі отандық вакцинаның алғашқы партиясы шығарылады.

"Мемлекет басшысының Ресей президенті Владимир Путинмен жасаған келісіміне сәйкес, осы жылдың 22 желтоқсанынан бастап Қазақстанда ресейлік "Спутник V" вакцинасын өндіру қолға алынады", - делінген ақпаратта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Асқар Маминге отандық вакцина өндірісіне қатысты берілген тапсырманы жедел орындағаны үшін алғыс білдірді. Сонымен қатар дәрінің тиімділігіне баса мән беруді және тұрғындарға қолжетімді болуын бақылауда ұстауды тапсырды.

Дереккөз: stan.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.