Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
2021 жылғы жалақы мен зейнетақының ең төменгі мөлшері белгіленді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
15:48 04.12.2020
Аталған Заңға сәйкес, 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап:
- жалақының ең төмен мөлшері - 42 500 теңге;
- мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері - 18 524 теңге;
- зейнетақының ең төменгі мөлшері - 43 272 теңге;
- жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш - 2 917 теңге;
- базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы - 34 302 теңге.
10-бап. Жасына байланысты және еңбек еткен жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне бағытталған қаражат мөлшері 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап 7 пайызға арттыруды ескере отырып көзделгені белгіленсін.
11-бап. 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төленетін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған мемлекет жарналарының мөлшері - мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 1,6 пайызы болып белгіленсін.
12-бап. 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап әскери қызметшілерге (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа) және арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлеріне тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерге ақшалай өтемақының айлық мөлшері 3 739 теңге сомасында белгіленсін.
Заң 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram