Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Kоронавирусқа қарсы ресейлік вакцина Қарағандыда өндірілуі мүмкін
Қарағандыда фармацевтикалық кешен базасында коронавирусқа қарсы ресейлік вакцинаның өндірісі басталуы мүмкін, деп хабарлады индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз хатшысы Мадияр Уақпаев.
16:45 04.12.2020
"Олар Қарағандыдағы зауытты – Қарағанды фармацевтикалық кешенін қарастырып жатыр. Басқа зауытта өндірілуі де мүмкін", - деп мәлімдеді Уақпаев.
Жұмада Қазақстанда ресейлік "Спутник V" вакцинасы 2020 жылдың 22 желтоқсанынан бастап өндірілетіні туралы хабарланды. Сондай-ақ, желтоқсан айында қазақстандық вакцинаны өндіру жоспарланып отыр. "Қарағанды фармацевтика кешені" ЖШС 2005 жылы пайдалануға берілді. Кәсіпорын қатерлі ісік, қант диабеті, ұмытшақтық және басқа да ауруларды емдеуге арналған дәрі-дәрмектер шығарады.
Дереккөз: Sputnik
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram