{metadescription}
2021 жылдың діни күндер кестесі бекітілді

2021 жылдың діни күндер кестесі бекітілді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі 2021 жылғы діни күндер кестесін бекітті.

muftyat.kz сайтының хабарлауынша, хижри айлардың басталуы халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының мәліметтері негізінде жасалған. Пәтуа мамандары діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін екенін ескертеді.

Келесі жылы әл-Мирадж түні 10 наурыздан 11 наурызға қараған түнге, Барат түні 28 наурыздан 29 наурызға қараған түнге сәйкес келеді.

Қасиетті Рамазан айы 14 сәуірде басталып, 12 мамырда аяқталады. мамырдан 10 мамырға қараған түні - Ләйләтүл Қадір түні болады. Ораза айт 13 мамырда атап өтіледі.

Арафа күні 19 шілдеге тура келеді. Құрбан айт - 20-22 шілде аралығында тойланады. 

Ашура күні - 19 тамызда, Мәуліт - 18-нен 19 қазанға қараған күнге сәйкес келеді.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде