{metadescription}
Елордада карантин шаралары күшейтілді

Елордада карантин шаралары күшейтілді

Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері С. С. Бейсенованың елордадағы шектеу және карантиндік шаралары туралы жаңа қаулысы шықты.

Қаулыда бұған дейін енгізілген шектеу шаралары сақталады. Құжат 18 қаңтар дүйсенбіден бастап күшіне енеді. Атап айтсақ, ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, еске алу іс-шараларын, оның ішінде үйде (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу), митингілер, шерулер, жиындар және т. б. өткізуге тыйым салынады.

Қаулыда енгізілген өзгерістер:

- меншік нысанына қарамастан барлық ұйымдар, кәсіпорындар қызметкерлерінің кемінде 80%-ын қашықтықтан жұмыс істеу түріне көшіру;

- сауда объектілеріне, қызмет көрсету саласындағы объектілерге, қоғамдық көлікке және адамдар көп жиналуы мүмкін орындарға дезинфекциялық іс-шараларды жүргізу бойынша жұмысты күшейту;

- қалалық қоғамдық көліктің жұмысына жұмыс және сенбі  күндері сағат 06:00-ден 23:00-ге дейін  жұмыс кестесін белгілеу және жексенбі күндері жұмыстарына тыйым салу;

- қалааралық, облысішілік автобус пен шағын автобус тасымалдарының жұмысын ұйымдастыру;

- діни бірлестіктер объектілерінің жұмысын жұмыс күндері және демалыс күндері бір келушіге кемінде 5м2  және 30%-дан аспайтын толтырумен қамтамасыз ете отырып, бұқаралық іс-шараларды  өткізуге және оларда орналасқан қоғамдық тамақтандыру объектілерінің жұмысына тыйым сала отырып, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен ұйымдастыру;

- «Қазпочта» АҚ-ның жұмысын онлайн режимінде көрсетілмейтін қызметтер бөлігінде күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс кестесінбелгілеу және демалыс пен мереке күндері жұмыстарына тыйым салумен ұйымдастыру;

- денсаулық мектептеріне баруды 5 адамнан аспайтындай етіп ұйымдастырумен, алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін денсаулық сақтау объектілерінің жұмысын күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып штаттық режимде ұйымдастыру; 

- жеке медициналық орталықтардың, клиникалардың (косметологиялық қызметтерді көрсетуге тыйым сала отырып), стоматологиялардың жұмысын  қатаң түрде алдын ала жазылу бойынша,   күшейтілген санитариялық -эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен, жұмыс және демалыс күндері сағат 8:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс кестесін белгілей отырып ұйымдастыру;

- серіктесінде  нәтижесі берілген күннен бастап 3 тәуліктен аспаған ПТР әдісімен COVID-19 тестінің теріс нәтижесі бар анықтамасы болған кезде серіктестік босануды жүргізуге рұқсат беру.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде