Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
СҚО-да ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Солтүстік Қазақстан облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды.
14:01 19.01.2021
Кәсіпорынның болжамына қарағанда, 20 қаңтар күні Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде күндіз қар жауады. Кей жерлерде тұман түсіп, бұрқасын болады. Шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде кей жерлерде күші 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с болады.
Петропавлда 20 қаңтардабұрқасын болады.Шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі
Осыған байланысты ҚР ТЖМ СҚО Төтенше жағдайлар департаменті халықтың қалыпты тіршілік әрекетін қамтамасыз ету және төтенше жағдайдың алдын-алу мынадай үшін шаралар қабылдауды ұсынады:
- Жылы бөлмеде болуға тырысыңыз;
- Балаларды ерекше бақылауға алыңыз;
- Елді мекендерден шығуға шектеу қойыңыз;
- Автокөлікпен алыс сапарға шығуды тоқтата тұрыңыз;
- Осы ақпаратты көршілеріңізге жеткізіп, ауру адамдар мен қарттарға көмек көрсетіңіз;
«Сіздердің назарларыңызға бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметтің 112 телефоны тәулік бойы жұмыс істейтінін еске саламыз. Ол арқылы төтенше жағдай мен оқиғаның қаупі туындаған жағдайда хабарласуға болады», - делінген СҚО ТЖД Қоғаммен байланыс тобының хабарламасында.
Дереккөз: Қазгидромет
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram