Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 11 адам қайтыс болды
20 қаңтардағы жағдай бойынша коронавирустан 25 мыңнан астам қазақстандық емделіп жатыр, 307 науқастың жағдайы ауыр.
10:41 20.01.2021
Денсаулық сақтау министрлігі өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан қайтыс болғандардың статистикасын жариялады. Министрліктің ақпаратынша, коронавирус инфекциясынан сегіз, ал ковидтік пневмониядан үш адам көз жұмды. Сондай-ақ, өткен тәулікте 1134 адамда COVID-19 диагнозы расталса, 118 адам пневмониямен ауырды.
20 қаңтардағы мәлімет бойынша, қазір коронавирустан 25 038 науқас (13 404 КВИ+ және 11 643 КВИ-) емделіп жатыр. Оның ішінде 6 522 пациент стационарда, 18 516 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. Пациенттердің арасында 307 адамның жағдайы ауыр, 61-і хәл үстінде жатыр, 34 науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!