Біртановты үйқамақта ұстау мерзімі ұзартылды
Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың қамаудағы мерзімі төрт айға ұзартылды.
17:34 20.01.2021
Енді ол үй қамауына 2021 жылдың 28 ақпанына дейін болады. Бұл туралы Біртановтың адвокаты Дмитрий Куряченко айтты.
"Кеше сот отырысы өтті. Онда Біртановты қамауға алу төрт айға дейін ұзартылды. Ақпанның аяғына дейін үйқамақта болады. Қорғаушы ретінде мен онымен үйде үнемі кездесіп тұрамын, өйткені ол үй қамауында. Ол өзін кінәлімін деп отырған жоқ", - деді Дмитрий Куряченко.
Еске салайық, экс-министрдің ұсталғаны туралы 3 қарашада белгілі болды. Біртановқа аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды деген айып тағылып отыр. Елжан Біртановтың 7 қарашада үй қамағына ауыстырылғаны хабарланған болатын.