{metadescription}
 Қазақстанның сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасады

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасады

Сыртқы істер министрлігі ядролық қаруға тыйым салу туралы шарттың күшіне енуіне орай мәлімдеме жасады.

Қазақстан Ядролық қаруға тыйым салу туралы шарттың (ЯҚТК) күшіне енуін құптайды. БҰҰ-ға мүше 122 мемлекеттің қолдауымен 2017 жылы 7 шілдеде қабылданған шарт ядролық қаруды толығымен жою жолындағы маңызды қадам болып табылады. Қазақстанның келіссөздер процесіне белсенді қатысқаны атап өтілді. Ядролық қарусыздану тарихындағы халықаралық құқықтық саладағы елеулі алшақтықты жоятын алғашқы көпжақты заңды күші бар құжаттың символдық мәні бар. Құжат Семей полигонының жабылуының 30 жылдығында күшіне енеді. 2019 жылдың 3 шілдесінде президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Ядролық қаруға тыйым салу туралы шартты ратификациялау туралы" заңға қол қойды.

"БҰҰ Бас Ассамблеясының 74-ші сессиясында тұңғыш рет мемлекет басшысы ретінде сөйлеген сөзінде Тоқаев ядролық қарудан азат әлемге қол жеткізу біздің еліміз үшін басты басымдық болып қала беретінін мәлімдеді. Президент бұл ұмтылыс бізге ядролық қаруды жою жолындағы жаһандық қозғалыстың алдыңғы шебінде болуға моральдық құқық беретінін айтты", - деп жазылған министрлік мәлімдемесінде.

2020 жылдың қыркүйек айында БҰҰ Бас Ассамблеясының мерейтойлық сессиясында Қазақстан президенті пандемия жағдайында ядролық қаруды таратпау және қарусыздану дағдарысы елеулі сын-тегеуріндердің қатарында қалып отырғанын, ал "ядролық қаруды таратпау режимінің эрозиясы бәрімізді осал әрі қауіпті жағдайға ұшыратқанын" ерекше атап өтті.

Осыған байланысты Назарбаевтың Ядролық қауіпсіздік және ядролық қарудан азат әлем үшін жаһандық көшбасшылар альянсын құру жөніндегі бастамасы аса өзекті болып қала береді. Қазақстан планетамызды ядролық қарудан азат ету мақсатында мемлекеттерді шартқа қосылуға шақырады.

 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде