Қазақ файтері Азияның үздігі атағы үшін жекпе-жек өткізеді
Қазақстандық файтер Асу Алмабаев BRAVE CF 47 турнирінде қырғыз өкілі Рыскулбек Ибраимовпен жұдырықтасады.
14:02 24.02.2021
11 наурызда Бахрейн корольдігінде өтетін турнирде Асу Алмабаев пен Рыскулбек Ибраимов 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жұдырықтасады. Қырғыз спортшысы мансабында 18 жекпе-жек өткізіп, сегіз мәрте қарсыласына есе жіберген. Ал Асу Алмабаев 12 қарсыласынан басым түссе, екеуінен жеңіліс тапқан.
Кештің басты жекпе-жегінде Қырғызстан файтері Абдисалам Кубанычбек пен Филиппин спортшысы Роландо Дай қолғап түйістіреді. Жеңіске жеткен файтер чемпиондық белбеуге шығады.
Алмабаев соңғы жекпе-жегін 24 желтоқсанда Алматыда өткізіп, отандасы Дархан Сқақовты жеңген болатын. Бұл кездесуден кейін ол аса жеңіл салмақта Naiza Fighting Championship чемпионы атанған еді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!