Мәдениет және спорт министрлігі аппаратының басшысы тағайындалды
ҚР мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен Ернат Архатұлы Мұхамадиев ҚР МСМ аппаратының басшысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды премьер-министрінің баспасөз қызметі.
18:35 24.02.2021
Ернат Мұхамадиев 1988 жылы Тараз қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Оксфорд университетін бітірген.
Еңбек жолын 2012 жылы "Назарбаев орталығы" мемлекеттік мекемесінің халықаралық ақпараттар бөлімінің аға сарапшысы қызметінен бастады.
2014-2016 жылдары ҚР БҒМ Жастар ісі департаментінде басшылық қызметтер атқарды.
2016-2017 жылдары Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Әкімшілік департаментінің директоры.
2017-2019 жылдары жекеменшік ұйымдарда еңбек етті.
2019 ж. мамыр айынан қазіргі уақытқа дейін ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Кеңсесінің басшысы хатшылығының инспекторы қызметін атқарды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!