Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Павлодар облысында әйел күйеуін бұзақылардан құтқарып қалды
Павлодар облысының тұрғыны күйеуін бұзақылардан қорғап қалды.
17:11 28.02.2021
Желіде таралған видеоға екі баласы және әйелімен келе жатқан ер азаматқа әлдекімдердің жабылып кеткені байқалады. Куәгерлердің сөздерінше, екі жігіт келе жатқан ер адамды құлатып, соққының астына ала бастаған. Бұған шыдамаған батыл әйел күйеуіне араша түсіп, бір бұзақыны шашынан сүйреп, екіншісін итеріп жібергені көрінеді.
Қазіргі таңда бейнежазба тексерілуде.
"Қазіргі таңда видеодағы азаматтардың тұлғасы анықталып, Ақсу қаласының полицей бөліміне жеткізілді. Тексеріс нәтижелеріне сәйкес, бір шара қолданылады", - деді өңірлік ПД өкілдері.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram