{metadescription}
Еліміздің 7 өңірінде автожолдарда қозғалыс жабылды

Еліміздің 7 өңірінде автожолдарда қозғалыс жабылды

Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ және «Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ деректері бойынша ауа райының нашарлауына байланысты (көктайғақ, қар аралас жаңбыр, жаяу бұрқасын, шектеулі көріну) еліміздің жеті өңірінде Нұр-Сұлтан қаласындағы, Ақмола, Алматы, Шығыс-Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарындағы республикалық және облыстық маңызы бар автожолдарда қозғалыс жабылды», - деді ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.

Сонымен қатар «Қазгидромет» РМК деректері бойынша алдағы күндері еліміздің барлық өңірінде Нұр-Сұлтан, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс-Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарының кей жерінде көктайғақ, бұрқасын, қар, тұман, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. 

Азаматтарды ауа райының өзгерістерін бақылауға шақырамыз. Дауылды ескерту туралы хабарламаларды тыңдап, қажетті сақтық шараларын сақтаңыздар. Қыс маусымында көлікпен алыс жолдарға шықпас бұрын, ауа райы болжамын міндетті түрде зерделеген жөн. 

«Егер қатты боран, бұрқасын болса, жол кептелісінде ұзақ тұрып қалуыңыз мүмкін. Тіпті жол-көлік оқиғасына да тап болуыңыз ықтимал. Егер қандай да бір елді мекенге шұғыл баруыңыз керек болса, діттеген жеріңізге кедергісіз жету үшін теміржол көлігін пайдалануға кеңес береміз», - делінген хабарламада.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде