{metadescription}
Қазақстаннан шетелге ұшатын жаңа әуе рейсі ашылды
Қазақстаннан Өзбекстанға жаңа рейс ашылады.
11:37 05.03.2021
2021 жылғы 8 наурыздан бастап "SCAT" әуе компаниясы Ақтау және Үргеніш қалалары арасында аптасына 2 рейс орындай бастайды. Рейстер Б-737 әуе кемесімен дүйсенбі және сәрсенбі күндері орындалады.
Рейстер санитарлық – эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компаниясының сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады. Еске сала кетейік, Түркістаннан Ыстамбұлға алғашқы рейстерге билеттер сатылымға шыққан болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!