Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Жаңатастағы 5 баланың өлімі: әкім қызметінен босатылды
Бақытжан Жақсылықов Жамбыл облысы Сарысу ауданы әкімі қызметінен босатылды.
15:13 05.03.2021
"Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінің келісімі бойынша, Жамбыл облысы әкімінің өкіміне сәйкес, Жақсылықов Бақытжан Алпысұлы Сарысу облысының әкімі қызметінен босатылды", - деп хабарлады облыс әкімдігі.
Жақсылықов 2020 жылдың шілдесінен бастап аудан әкімі болды. Қайғылы оқиға 19 ақпанда орын алды. Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жаңатас қаласындағы тұрғын үйде өрт шығып, бес бала қаза тапты. Пәтерде 2015, 2016, 2017, 2019 және 2020 жылдары туылған кәмелетке толмаған бес бала болған. Олар қараусыз қалған: әкесі жұмыста, анасы дүкенге кеткен.
Алдын ала мәліметтер бойынша, Жаңатастағы тұрғын үйдегі пәтердегі өрт оқиғасы тез тұтанғыш материалдың бетіне от түсуі салдарынан туындаған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram