Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Санитар дәрігерлер мереке қарсаңында үндеу жасады
Қазақстанның бас санитар дәрігерлері қазақстандықтарға мереке қарсаңында қолданыстағы карантин шектеулерін ұмытпау туралы ескерту жасады.
15:45 05.03.2021
"8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңындағы мереке және демалыс күндері барлық шектеу шаралары Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің және өңірлердегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлердің, Денсаулық сақтау министрлігінің қаулысына сәйкес әлі де өз күшіне ие.Сіздерді жақындарыңызды және айналаңыздағы адамдарды коронавирус инфекциясынан қорғайтын маңызды ережелерді есте сақтауға шақырамыз", - деді санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев.
Сақтық шаралары:
- адам көп жиналатын орындарға бармау;
- ұжымдық іс-шараларды өткізбеу және қатыспау;
- суық тию, тұмаудан сақтану;
- қоғамдық орындарда әлеуметтік арақашықтықты сақтау;
- маска тағу режимін сақтау;
- қолды сабынмен жиі жуу немесе антисептик қолдану;
- температура немесе ауру белгілері пайда болған кезде дереу медициналық көмекке жүгіну;
- бөлмелерді үнемі желдетіп тұру;
Сонымен қатар, маман отырыстардан кейін тамақтан улану және өткір ішек инфекциясы қаупі туралы ұмытпауды ескертті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram