Бас санитардың жаңа қаулысы: Мектеп оқушылары қалай оқиды
ҚР ДСМ Бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы жарияланды.
17:49 05.03.2021
Жаңа қаулыға сәйкес, қылмыстық-атқару мекемелерінде санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтау алгоритмі» атты 24-қосымшада 4-тармақ өзгертілді.
«4. Маскаларды немесе респираторларды, резеңке қолғаптарды міндетті түрде пайдалана отырып және тергеу әрекеттеріне қатысушылар арасында кемінде 2 метр қашықты сақтап, шұғыл тергеу әрекетін жүргізу үшін тергеушіге, адвокатқа және қорғаушыға шығаруды қоспағанда, сотталғандардың, күдіктілердің және айыпталушылардың қатысуымен жүргізілетін барлық шараларды шектеу», - деп жазылған жаңа қаулыда.
Сонымен қатар, 2020-2021 оқу жылының үшінші тоқсанында рұқсат етіледі:
– оқушылар саны 300-ге дейін контингенті бар, сыныптарда 15-тен көп емес бала санымен қалалық және ауылдық мектептерде дәстүрлі форматта оқытуға;
– 2021 жылғы 1 наурыздан бастап жалпы білім беретін мектептерде мектеп алды сыныптардың, 1 сыныптан 5 сыныпқа дейін қоса алғанда, халықаралық мектептерде 1 сыныптан 7 сыныпқа дейін қоса алғанда, сыныптарда 25-ке дейін бала санымен оқушыларды аралас форматта оқытуға;
– оқу бітіретін сыныптар (9, 11 (12) сыныптар) үшін аптаның 6 күні ішінде аралас форматта оқытуға: пәндердің 70%-ы штаттық режимде, 30%-ы қашықтықтан оқытуға (сыныпта 15 адамнан артық емес, «1 сынып - 1 кабинет» қағидаты бойынша оқыту, санитариялық-дезинфекциялық және маска режимдерін сақтау);
Аталған қаулы 2021 жылғы 9 наурызда сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.
Қаулының толық нұсқасымен мына жерден танысуға болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!