{metadescription}
Шахтаны су басып, кеншілер жер астында қалды

Шахтаны су басып, кеншілер жер астында қалды

ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында көмір шахтасын су басып, 21 адам жер астында қалып қойды.

Мәліметке сәйкес, апат сенбі күні Бейжің уақыты бойынша кешкі 18:10-да ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы Чанцзи-Хуэй округы Хитуби уезінде болған. Алдын ала ақпарат бойынша, жөндеу жұмыстары кезінде шахтаны су басып, салдарынан электр қуаты өшкен. Кеншілермен байланыс та үзілген.

Төтенше жағдай кезінде шахтада 29 кенші болған, сегізі құтқарылды. Қазіргі кезде 21 адам су басқан шахтада қалып отыр, деп жазады ҚазАқпарат. Шұғыл қызметтер апат орнында жұмыстарын жалғастыруда.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде