{metadescription}
0:000:00

Нұр-Сұлтанда алабай зейнеткер мен оның күшігін талап тастай жаздады

Әйел күшігін қорғамақ болған кезде оны алабай қауып алған.

Қазір әйел екпе алуда, ал оның күшігі ветеринарлардың бақылауында. Полицейлер Нұр-Сұлтанда 71 жастағы әйел мен оның қасына ерткен күшігіне шабуыл жасаған иттің иесін іздестіруде, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметі. Бұдан бұрын желіде иттің шабуылдаған сәті түсірілген видео тарады. Полиция алабайды бейнебақылау камераларының көмегімен тапты.

"Қазір алабай аса қауіпті құтыру ауруының бар-жоғын анықтау үшін ветеринариялық бақылауға алынды", - делінген хабарламада.

Зардап шеккен әйел медициналық мекемеде профилактикалық екпе алуда, оның күшігі ветеринарлық клиникада емделуде. Полиция департаментінің қызметкерлері алабайдың иесін анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.