{metadescription}
Дәрігер вакцинаның қандай жанама әсері болатынын айтты

Дәрігер вакцинаның қандай жанама әсері болатынын айтты

Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова вакцинаның қандай жанама әсері болуы мүмкін екенін айтты.

"Вакцинадан кейін жанама әсер жалпы және жергілікті сипатта болуы мүмкін. Вакцина салынғаннан кейін үш күн ішінде дене қызуы көтеріліп, әлсіздік, астения (ағзаның жалпы әлсіздігі) байқалып, бұлшықеттер, буын сырқырап, жүрек айнуы ықтимал. Жергілікті ауырсыну – ине салған жердің ауыруы, ісінуі. Уақыт өте келе олар басылады. Яғни, коронавирусқа қарсы вакцинаның өзіндік ерекше белгілері жоқ", - деді Қалықова.

Егер аталған жалпы жанама әсерден басқа да аурушаңдық байқалса, дәрігерге қаралу керек.

"Өз денсаулығын ойлайтын адам жоғарыда аталған аурушаңдық белгілерінен басқа да жағдайға тап болса, дәрігерге хабарлауы керек. Мұндай жағдайда өзіне екпенің бірінші не екінші компоненті егілгенін міндетті түрде айтқаны жөн", - деді ол.

Дереккөз: Sputnik

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде