{metadescription}
Балқашта жол апатынан полиция қызметкері қаза тапты

Балқашта жол апатынан полиция қызметкері қаза тапты

«Екатеринбург-Қарағанды» автожолының Балқаш қаласы маңындағы учаскесінде жүк көлігі мен патрульдік полиция автомобилі соқтығысты.

Жол апаты салдарынан 33 жастағы инспектор қайтыс болды. 15 сәуір таңғы 06.40-та «Екатеринбург-Алматы» тас жолында Балқаш қаласынан Қарағанды қаласы келе жатқан жолдың 45 шақырымында, 41 жастағы азаматтың басқаруындағы «Volvo» жүк көлігі мен 33 жастағы облыстық патрульдік полиция батальоны инспекторының басқаруындағы «Kia Rio» автокөліктері соқтығысты.

Жол – көлік оқиғасының салдарынан алған дене жарақаттарынан арнайы көліктің жолаушысы, қызмет бабында жүрген облыстық патрульдік полиция батальонының инспекторы, 46 жастағы Хайдар Оразбаев көз жұмса, арнайы көліктің жүргізушісі ауруханаға жеткізілді.

«Апат салдарынан кезекшілікте тұрған облыстық патрульдік батальон инспекторы болып жұмыс істеген 46 жастағы Хайдар Оразбаев алған жарақаттарынан қайтыс болды. Полиция көлігінің рөлінде отырған екінші полицей аудандық ауруханаға жеткізілді», - деп хабарлады Қарағанды облысының ПД баспасөз-қызметі.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 345 бабы 3 тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде