{metadescription}
«ҚазАвтоЖол» басшысы қызметінен босатылды

«ҚазАвтоЖол» басшысы қызметінен босатылды

Ұлан Әліпов «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының басшысы қызметінен босатылды.

Бұл туралы Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке республикалық және жергілікті жолдардың жағдайын жақсарту жөнінде кешенді шаралар қабылдауды тапсырды. Жұмысын дұрыс атқармағаны үшін «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Ұ.Әліпов қызметінен босатылды. Барлық өңірде бюджет қаржысының жұмсалуына, көлік магистральдарының салынуына және жөнделуіне бақылау күшейтіледі», - деді Берік Уәли.

Сонымен қатар ол президент алдағы уақытта аталған мәселені өзінің жеке бақылауында ұстайтынын атап өтті.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде