Коронавирус пен пневмониядан 37 адам көз жұмды
Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 17 сәуірдегі ақпаратты жариялады.
13:16 17.04.2021
17 сәуірдегі мәлімет бойынша, 36 757 адам коронавирус инфекциясынан (36 292 КВИ+ және 465 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 12 933 пациент стационарда, 23 824 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 641 адамның жағдайы ауыр;
• 159 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 107 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Қазақстанда коронавирус пневмониясын 68 адам жұқтырып, 6 адам қайтыс болды. Коронавирус пневмониясынан жазылып шыққадар саны72 адамды құрап отыр.
2021 жылдың 1 тамызынан бастап Қазақстанда коронаврус пневмоноиясымен 51763 адам ауырған, 748 адам қайтыс болды. Жазылып шыққандар саны - 50550.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!