Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Белгілі актриса Ғазиза Әбдінәбиева өмірден өтті
Қазақ театр және кино өнері орны толмас қазаға ұшырады. М.Әуезов атындағы қазақ ұлттық академиялық драма театрының актрисасы ҚР Еңбек сіңірген әртіс«Парасат» және «Құрмет» ордендерінің иегері Ғазиза Әбдінабиева өмірден өтті.
08:48 19.04.2021
Қаралы хабарды Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театрының өкілдері естіртті.
«Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Құрмет орденінің иегері, театр және кино актрисасы Ғазиза Мәкешқызы Әбдінәбиева өмірден өтті. Әріптестерімізге, отбасына қайғыра көңіл айтамыз. Алла сабыр берсін, алдынан жарылқасын», - деп жазылған театрдың Facebook желісіндегі парақшасында.
Ғазиза Әбдінәбиева 1948 жылы Қызылорда облысы, Сырдария ауданында дүниеге келген. Қазақ Ұлттық консерваториясынның (бұрынғы Алматы консерваториясы) «актерлік шеберлік» факультетін бітірген (1970).
Консерваторияның 4-курсында оқып жүріп, 1969 жылы Ғ.Мүсіріепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрына қабылданады.
1969-1993 жылдары осы театрда аянбай еңбек етеді.
1993 жылы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрына актерлік бөліміне ауысады.
1994 ж. бастап Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясында «актерлік шеберлік» мамандығынан дәріс оқиды.
Оның кино саласында сомдаған рөлдері:
1977 - «Нан» – Жамал (реж. А. Тәжібаев)
1982 - «Қауын» – бас кейіпкердің зайыбы (реж. В. Пұсырманов),
1990 - «Қыз жылаған» – Әсия (реж. С. Нарымбетов),
«Жел адам» – ауыл тұрғыны,
2009 - Сіз кімсіз, К мырза?» – жолсерік (реж. Қ. Ахметов),
2009 - «Біржан сал» – Бүрме әже (реж. Д. Жолжақсынов),
2011 - «Айналайын» – Сәлима (реж. А. Сатаев);
1996-2000 - Тоғысқан тағдырлар (Роза)
2001-2003 - Саранша (Марго)
2002 - Ләйләнің зары
2007 - Однажды в багажнике - Женщина на вокзале
2008 - Откройте дверь, я счастье
2012-2013 - «25 км» Қарлығаш (реж. И.Пискунов)
2012-2013 - «Домашние войны» Әже (реж. А.Кирюшенко)
2014 - Кемпір» Күлпәш (реж. Е.Тұрсынов)
2015 - Зауал» Әже (реж. Ж.Айбасов)
2015 - «Побег из аула» Тетя героя (реж. Н.Адамбаев)
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram